Республиканың барлық өңірлеріндегі аймақтарындағы білім беру ұйымдарын бітіруші түлектерге арналған «ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ» жобасының тұжырымдамасы
Еліміздің экономикасында 8,5 млн. адам жұмыспен қамтылған, оның ішінде 2,1 млн. адам немесе 24,7%-ы жастар. Олардың арасында 502,3 мың жастар өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса, 20,7%-ы (104,2 мың) нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар.
Бұдан басқа, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастардың 50%-ы арнайы, орта және жалпы білімі бар болса, 22%-ның жоғары білімі бар. Жұмыссыз жастардың 63%-ның орта кәсіптік және жоғары білімі бар, 37% кәсіптік білімі жоқ.
Қазіргі уақытта еш жерде оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар бойынша проблемалар бар (NEET). NEET санатындағы жастар (15-28 жас) үлесінің өсу үрдісі байқалады: егер 2011 жылы олардың үлесі жастардың жалпы санының 7,8% құраса, 2016 жылғы 4-ші тоқсанда 10% құрайды. (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша).
Сарапшылардың пікірлеріне сәйкес, аталған өзекті мәселенің орын алу себептерінің бірі оқу орнын бітіруші түлектер арасында кәсіптік бағдар беру және ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстардың тиісті деңгейде іске асырылмауы болып отыр.
Аталған проблеманың алдын алу мақсатында республиканың барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған үлгілік «ТҮЛЕКТЕР ТАҚТАСЫ» жобасын іске асыру ұсынылады.
Жобаның мақсаты – елдің барлық білім беру ұйымдарының түлектерін ақпараттандыру арқылы қажетті мамандықты таңдауда кәсіптік бағдар беру.
Жобаның міндеттері: