Қашықтан оқыту (ата-аналарға кеңес)

Құрметті ата-аналар!

Қашықтан оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру үшін Сіздерге бірнеше кеңес бергіміз келеді:

  1. Қазіргі орын алған жағдайда баламен жақын сөйлесіп, достық қарым-қатынас орнатыңыз.
  2. Қашықтан оқу – мектептегі оқудың ерекше жағдайдағы бір түрі ғана екенін бала өзі түсінуі керек.
  3. Дағдылы күн тәртібін сақтауы керек: ұйықтау және сергу уақыты, сабақтың басталу уақыты, үзілістер т.б. Күн тәртібіндегі шұғыл өзгерістер артық күйзеліске әкелуі мүмкін.
  4. Жұмыс орнын дайындаудың да маңызы зор. Ең қажетті нәрселері қол жетімді жерде болуы керек, барлық гаджеттер басқа бөлмеде қалғаны дұрыс. Сондай-ақ балада сыртқы жағдайларға алаңдамай жұмыс істеу мүмкіндігі болу керек, сондықтан баланың жұмыс орнын үйдегі адамдар мен үй жануарларынан оқшаулағаныңыз дұрыс.
  5. Баламен бірге алдағы күнді алдын-ала жоспарлаңыз. Баланың көз алдында сағаттың болғаны дұрыс. Кеште жоспары мен оның орындалуын тексеріңіз.
  6. Әр кеште баланың табысы мен сәтсіздіктері туралы онымен бірге талқылаңыз. Ертеңгі күнге жоспар құрыңыз. Даулы жағдайларда шешімді бірге іздеңіз. Қолдауыңыз бен құшағыңызды аямаңыз.
  7. Егер балада қиындықтар туып, қорқыныш пайда болса, өз бетіңізбен шешімін таба алмай жатсаңыз, Сіз әрқашанда сынып жетекшісі, оқу шеберіне немесе колледж мамандарының көмегіне жүгіне аласыз.

Есте сақтаңыз!!!

Колледжбен  бірге ата-аналар да балалардың оқу бағдарламаларын меңгеруіне жауапты. Дағдылы мектептегі оқу кезінде ата—аналар баланың сабақта болуына қалай жауап берсе, қашықтан оқу кезінде де олардың қашықтан оқыту сабақтарында болып, тапсырмаларды қашықтан орындауын солай қадағалауы керек.

Бала білім беру бағдарламаларын меңгеру аясында, соның ішінде қашықтан оқу кезінде де, мұғалімнің талаптарын орындауға міндетті. Ата-аналарға оқу үдерісін бақылауды өз қолдарына алуға тура келеді.

ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ–ЗАЙЫРЛЫ МЕМЛЕКЕТ

«Что должны знать родители об играх “Тихий дом” и “Синий кит”, когда подростки совершают суицид? Советы и мнения»

«Школа здоровья для педагогов»

Анкета по правовому воспитанию (для подростков 15-18 лет)

Ата-аналарға психологиялық кеңес

Компьютер ойындарының бала психикасына әсері

МЕТОДИКА Т.В. МАТОЛИНА

Методические рекомендации родителям

Практические рекомендации по снижению агрессии

Причины девиантного поведения

Работа со студентами (памятка для кураторов учебных групп)

Рекомендации по профилактике суицида

Рекомендации психолога учителям

Депрессия-деген-не-КАЗАҚША