Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі базасында қала оқушылары арасында «Сән технологиясы» құзыреттілігі бойынша World Skills Juniors Екібастұз 2022 қалалық чемпионаты өтті. Байқауға № 7, 22, 25, 26, 36 мектеп оқушылары қатысты. Конкурстың негізгі мақсаты: оқушыларды кәсіби бағдарлау, жұмысшы мамандығын насихаттау, дарынды жастарды анықтау және көтермелеу. Байқауға қатысушылар нұсқаулық карта бойынша алжапқыштар тігіп, оларды колледждің әлеуметтік серіктестері «Tailor-S» тігін фабрикасы» ЖШС, «Асылым» ЖК қатарынан қатаң қазылар алқасы бағалады. Байқау қорытындысы бойынша I орынды № 26 мектеп оқушысы Амангелді Аяулым, оқытушысы Ж.К.Куспекова, II орынды № 7 мектеп оқушысы Зиновьева Ольга, оқытушысы Л. М. Смолярчук, III орынды № 22 мектеп оқушысы Нурканова Жанар, оқытушысы Р.К.Абикенова иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар, дипломдар, бағалы сыйлықтар, ал мұғалімдерге алғыс хаттар табысталды.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова