Өткізілген орны: ЕТТК кітапханасы
Өткізілген күні: 11.04.2022 ж.
Қатысушылар: №42, 50 топ студенттері

Мақсаты: отансүйгіштікке, Отанға және әдебиетке деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Қазіргі қазақ әдебиетінінің негізін қалаушы, жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 125 жыл толуына орай Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі кітапханасында «Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы О.В.Кожемяк әдебиеттермен таныстырып, жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтып берді.
М.О.Әуезов 1897 жылы 28 қыркүйекте Семей облысы, Шыңғыстау шатқалында дүниеге келген. 11 жасында әкесінен айырылып, Қасымбек ағайдың тәрбиесінде болады. Жастайын білімге құштар болып өседі. 1919 жылы Мұхтар Әуезов Семей мұғалімдер семинариясын бітіріп, бастауыш педагогикалық білім алды. 1971 жылдың 1 сәуірінде Алматы драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылды. Қазір бұл театр жазушының есімімен аталады.
Жазушы 20-дан астам пьесалар, көптеген әңгімелер, повестер, өлеңдер, романдар жазды. Еңбектерінің ішіндегі ең үлкені «Абай жолы» роман-эпопеясы. Ол 20 жылын Абай туралы роман жазуға арнады. Осы романды бастамас бұрын, Абайдың өмірбаяны мен шығармашылығын зерттейді. Абайдың өмірі туралы баспа және жазбаша материалдар-хаттар, күнделіктер жоқ болғандықтан жазушы барлық деректерді ұзақ уақыт бойы Абайды білетін адамдардан ауызша сұрау арқылы жинауға тура келді. Сыншылар мен оқырмандар «Абай жолы» эпопеясын ХХ ғасырдың ұлы романы деп бағалады. Студенттер кітапханада «Есімдер» топтамасымен «Мұхтар Әуезов» фильмін және М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі желісімен түсірілген көркем фильмінен үзінді көрді.