«Павлодар облысының жаңа мамандықтар атласы» жобасын іске асыру барысында Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде «Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша бітіруші топтарда «СББ бағдарламасының операторы» жаңа құзыреттілігі бойынша қосымша оқыту жөнінде шешім қабылданды. BTS Education және колледждің әлеуметтік серіктесі «Проммашкомплект» ЖШС өкілдерімен кеңес өткізгеннен кейін аталған құзыреттілік бойынша факультативтік курстың оқу жоспары әзірленді. Студенттерді сапалы дайындау үшін колледж педагогтары «Проммашкомплект» ЖШС базасында СББ заманауи станоктарда іс-тәжірибеден өтті. Өндірістік оқыту шеберлері Ж.К.Бейсенов, Б. Д. Жабикенова, Ж.Б.Иманкулова, Д.С.Каримова кәсіпорында 72 сағаттық іс-тәжиреден өткеннен кейін, жеке құрам жөніндегі директоры Д.Д.Болаткуловдың қолынан сертификат табысталды.