12.05.2022 жылы Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде психолог Т.М. Мұхамеджанова Халықаралық Отбасы күніне арналған “Менің отбасым – менің байлығым” атты іс-шара өткізді.
Іс-шараның мақсаты: әр адамның өміріндегі отбасының рөлін ашу, отбасылық құндылықтарды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Іс-шараға 1 курс студенттері мен олардың ата-аналары қатысты. Онда өмірдің басты құндылығы-отбасы, отбасылық қатынастар туралы айтылды.
Қатысушылар отбасының түрлері туралы біліп, отбасының мүдделері мен басты құндылықтарын талқылады. “Отбасы” сөзіне ассоциацияларды таңдап, синквейн мен отбасылық бюджетті құрады. Мақал-мәтелдер жинап, өлеңдер оқып, отбасы туралы алдын-ала дайындалған презентацияларын көрсетті.
Іс-шара рухани, қолайлы жағдайда өтті. Ата-аналар балаларына тілегін айтты, ал балалар оларға тәрбие мен қамқорлық үшін алғыс айтты.