2022 жылдың 29 маусымында Рухани жаңғыру кабинетінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сандуғаш Темірболатқызы Махметова және № 50,51 топ студенттерінің қатысуымен “Домбыра-қазақ халқының қазынасы” атты шығармашылық кеш өтті. Студенттер үшін « Домбыра үні” атты музыкалық сәт ойыны өткізілді. Олар домбыраның әуенін тыңдап, үздік композиторлар мен домбырашылар туралы жаңа мәліметтерді меңгерді.
Сандуғаш Темірболатқызы, домбыра-қазақ халқының жаны, қуанышты және мұңды күндерде де ол әрқашан қазақ халқымен бірге сыр шертісіп, келе жатқан ұлы мұра деп шығармашылық кешті аяқтады.
Ұлы дала домбырасының үні ғасырлар өтсе де мәңгілік жасай береді.