2022 жылғы 27-29 маусым аралығында Павлодар облысы мен Республика аумағында «Түнгі қаладағы балалар» кең ауқымды акциясы өтті.
Екібастұз қаласындағы «Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМКҚ Екібастұз қаласы аудандық ішкі істер бөлімінің көмекшілері полиция капитаны Тайлакова Гүлмира Рахметқызы және LIDER.KZ еріктілері Пьянкова Мария Викторовнамен бірлесіп рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. «Шахтер» саябағы мен ойын-сауық мекемелері (кафе) аумақтарында профилактикалық рейдтер жүргізілді.
Акцияның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде және тұрғын үй-жайлардан тыс жерде заңды өкілдерімен бірге еріп жүрмеулеріне жол бермеу (заңды өкілдерімен бірге жүру керек).
«Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полиция капитаны Гүлмира Рахметқызы кәмелетке толмағандармен түнгі сағат 22-ден 6-ға дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандардың болуы туралы профилактикалық әңгіме жүргізді. Заңды өкілдеріне ескерту жасауға тура келеді. Құқық бұзушылықтар тіркелген жоқ.