06.10.2022 ж.
Қатысушылар: ЭПК, ЭКИнЕУстуденттері, кітапханашылар, оқырмандар.
«Кешкі кітапхана» жобасының кезекті қонағы ақын, блогер, әрі жерлесіміз Ақкөл-Жайылма өңірінің тумасы Асхат Амангелдімен кездесу өтті. Шара барысы жоба қонағының Ю.Шатуновтың «Не бойся» өлеңінің аудармасы «Қорықпа» әнімен басталып, өзінің отбасы,немен айналысатыны жайлы жүргізушінің сауалына біраз тоқталды. Ақын Саят Әбеновпен бірге түсірген «Қазақ қыздары» видеоклип келушілердің назарына ұсынылып, жылы қабылданды. Өлеңдеріңіздің біреуін өз даусыңыздан естиік деген сауалға ақын өзінің жанына жақын «Анама» өлеңін оқып берді. Кездесуде келушілер блогерлік жайында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, қызықты жауаптар алды. Өзінің алғашқы блогерлік қадамынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі атқарып жүрген істерін айта отырып, Асхат Амангелді өзінен кейінгі буынға кеңестерімен бөлісті. Танымал блогермен кездескен жастар өздерінің сұрақтарына жауап алып, еркін түрде сыр-сұхбат жүргізді. Жуырда түсірген «Мен іздеймін бойдақ қыздың біреуін» видеоклипімен кездесу өз мәресіне жетті. Кеш соңында келушілер естелік суретке түсіп, «Жастар.WORLD» кітап көрмесімен танысып, көңілді күйде тарқасты. Кездесуге жергілікті телеарна қатысты.