2022 жылдың 31 қазанында Қ.Пшенбаев атындағы ЕГТК колледжінің базасында рухани-адамгершілік бағыттағы отбасылық құндылықтарға арналған тренинг өтті. Шараны мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі, «Жастар салауатты өмір салты үшін» МОО ұйымдастырды.
Психологтар Сәуле Т. және Гүлмира С. «Бар нәрсені бағалай біл!» тренингін өткізді. диалог түрінде балалар тапсырмаларды орындады, жобаларын ұсынды. Тренингке КМKК, ЭПK, EMK, EKИTИ, EГTK колледждерінің 70-тен астам студенттері қатысты, студенттер белсенді қатысқандары үшін сертификаттар мен сыйлықтарға ие болды.