2022 ж.31.10.күні Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен “ТРИНТА” жеке қоры “Азаматтық қоғамда жаңа формацияның көшбасшыларын қалыптастыру жөніндегі жобалық кеңсенің қызметін ұйымдастыру “ жобасын жүзеге асыру мақсатында «Атамұра» мәдениет орталығымен бірлесе «Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» тақырыбында диалог алаңы өткізілді.Қ.Пшенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің студенттері және қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сандуғаш Темірболатқызы қалалық іс шараға қатысты. Белсенді жас, студенттер Алпилам Айбек, Дихан Ерасыл«Тіл біздің басты құндылығымыз, бүгінгі аға буын айтуының жаны бар, мен өз басым барлық тілді сыйлаймын, дегенмен өзімнің ана тілім мемлекеттік тілді білу, сөйлеу керек екенін білемін, сондықтан күнделікті тұрмыста, сабақта мемлекеттік тілде сөйлеймін!» деп өз қатарластарын елдің патриоты болуға шақырды. Диалог алаңына жастар, мемлекеттік мекеме өкілдері, БАҚ өкілі, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенділер қатысып, отыз шақты адамның басы қосылған пікірталас болды. Біздің студенттеріміз Алпилам Айбек (2 курс) және Дихан Ерасыл (1курс) кештің соңында Алғыс хатпен марапатталды.