Еліміздің ертеңі – дарынды оқушылар!
ҚР Президенті Қасым–Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды жастардың арасында байланыс орнату мақсатында өткізілген «Мен сенемін жастарға!» атты республикалық сайысына қатысып 100 үздік дарынды оқушылардың қатарына кіріп, жеңімпаз атанғаны үшін Қ.Пшенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінің 2 курс студенті Асетова Диана Юрьевна 2022 ж. 04 қараша күні Астана қаласында өткен Республикалық форумда төсбелгі және I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жас талпкер студенттің білімін дамытып, қолдау көрсеткені үшін жетекшісі Мухамеджанова Тоты Мухамеджановна мен ата-анасы Асетова Нина Хажигалиевнаға Алғыс хат табыс етілді.

Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ.