2022 жылғы 10-11 қарашада Өскемен қаласында инженерлік сала бойынша ТжКББ педагогтары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Бұл байқаудың мақсаты арнайы пәндердің дарынды оқытушыларын анықтау, сондай-ақ Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және кәсіби және педагогикалық шеберлікті арттыру болды.
Конкурс нәтижелері бойынша Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Исаев Бауыржан Базарбайұлы 2-орынды иеленді.