2022 жылғы 15 қарашада Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде жұмыс берушілер күніне арналған іс-шара өтті.
Студенттерге «Богатырь Көмір» ЖШС, «ЕЭК» Шығыс кеніші АҚ, «KAZ Basis Consulting» ЖШС, «Проммашкомплект» ЖШС, «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖШС, «Технокомплектмонтаж» және «Паритет-ПТФ» ЖШС, «Tailor-S» тігін фабрикасы» ЖШС өкілдері, «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» ММ және басқалар қонаққа келді. Колледжде жұмыс берушілер күні №45, 52, 54 топ студенттерінің «Tailor-S» тігін фабрикасының өкілдерімен кездесуінен басталды, онда тігін ісі бойынша кәсіби шеберліктің қыр-сыры туралы қызықты диалог өтті. Содан кейін колледждің әлеуметтік серіктестеріне өндірістік корпус бойынша экскурсия жасалып, онда шеберханалар мен цехтарда екінші курс студенттері өз мамандықтарының негіздерін түсінді.
Жұмыс берушілер күнінің бағдарламасы өте маңызды болды және колледждің жұмыс берушілермен кадрларды бірлесіп даярлау бойынша өзара іс-қимылының басым бағыттары бойынша презентациямен аяқталды. Кездесу барысында мынадай мәселелер талқыланды: академиялық дербестікке, дуалды оқытуға, кәсіпорынның колледждерге қамқорлығына, колледжге, кәсіпорындар мен студенттерге арналған мақсатты мемлекеттік білім беру тапсырысына қойылатын артықшылықтар, міндеттемелер мен талаптар. Әлеуметтік серіктестер мен колледж студенттері іскерлік ойын барысында «Ынтымақтастық үйін» салды. Іс-шара барысында колледж студенттері кәсіптік практика, жұмысқа орналасу, кәсіпорындарда жастарды қолдаудың әлеуметтік бағдарламалары, сондай-ақ «Жастар практикасы», «Менің алғашқы жұмыс орным», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бойынша өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алды.
Кездесу соңында колледж басшысы Т.К.Акатаев колледж серіктестеріне ҚР Білім министрінен-«Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Н.Н. Корсаковқа, «KAZ Basis Consulting» ЖШС жеке құрам және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры О.О.Мячинаға алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ Павлодар облысының Білім беру басқармасынан «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖШС жеке құрам жөніндегі менеджер О.А. Багдасариан, «Тігін фабрикасы «Tailor – S» ЖШС директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Н.А.Игнатенко, «Проммаш.KZ» ЖШС бас директоры Д.Е. Матасовқа «Алғысхат» табысталды.
Колледж атынан Алғыс хатқа ие болғандар:
1. Дычко Иван Николаевич – «Проммашкомплект» ЖШС бас директоры;
2. Исмухамбетов Руслан Расимович –- «ERG» ЖШС бірыңғай оқу орталығының басшысы;
3. Личман Юрий Александрович – «Шығыс» кенішінің директоры;
4. Пачинская Лариса Александровна-«Тігін фабрикасы TaiLor-S» ЖШС директоры;
5. Срыбных Николай Григорьевич –«Технокомплект монтаж» ЖШС директоры;
6. Суханов Евгений Александрович –«Паритет – ПТФ ЖШС директоры;
7. Шарипова Любовь Викторовна – «Богатырь Көмір» ЖШС оқу-курстық комбинатының басшысы;
8. Шутов Николай Николаевич –«Техноцентр – Экибастуз» ЖШС басшысы. Кездесу колледж студенттері мен оқытушылары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.