Қазан айының соңында колледжде “Сабақты талдау және өзін — өзі талдау-педагогтың әдістемелік шеберлігін арттыру құралы” тақырыбында әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: «Педагогтердің сабақты талдаудың әртүрлі түрлерімен таныстыру». Сабақтың педагогикалық талдау сапасын арттыру жолдарын табу. Педагогтердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру үшін талдау нәтижелерін пайдалану. Семинарда сабақты талдау тәсілдері қарастырылды. Сабақ түрлері бойынша жіктелген сабақты талдаудың нақты схемалары берілді. Семинарда қатысушылар топ бойынша педагогтың барлық қызметі, оның кәсіби дайындығы, педагогикалық дағдылары, әдістемелік дағдылары, дербес ұйымдастыру қабілеті қалай шоғырланатынын талқыланды. Семинар өзінің әдістемелік құзыреттілік деңгейін арттыруға дайын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлеріне бағытталды.