«Колледждерге арналған ЕRG» жобасын іске асыру шеңберінде Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері 2023 жылғы 23 қаңтар мен 04 ақпан аралығында «ЕЭК» АҚ «Шығыс» кенішінде іс-тәжірибеден өтті. Осы кезеңде педагогтар өндірісте арқанды-монтаждау, дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге қойылатын заманауи талаптармен танысты. Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен теорияны зерттегеннен кейін өндірістік алаңда тәжірибе пысықталды.
Іс-тәжірибенің мақсаты жаңа технологияларды зерделеу және өндіріске барынша бағдарланған студенттерді оқыту. Сабақтарды компанияның тәжірибелі қызметкерлері А. Ж.Баритов пен А. Е. Вагнер жүргізді. Енді ERG-мен қол қойылған меморандум шеңберінде колледж альянсы бағдарламасының келесі кезеңін іске асыру-әмбебап мамандар, яғни: электромонтер-дәнекерлеуші,дәнекерлеуші-арқандаушы-монтажшы мамандарын даярлау.