2023 жылғы 2 наурызда Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің кітапханасында №52 топтың студенттерімен “Әйел -махаббат әлемі!” атты мерекелік кеш өтті.
Кітапханада “Әлемнің мәні – әйелде!” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, онда әйелдер журналдары мен әйелдер жазған кітаптар бар.
Орталық қалалық кітапхананың абонемент қызметкері С.М. Лисишина студенттерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, осы мерекенің тарихы туралы айтып берді.
Содан кейін байқау өткізілді. Студенттер екі командаға бөлініп: ” Әйгілі әйел жазушылардың, әртістердің, спортшылардың, саясаткерлердің есімдерін атау”, “Тігіншілер шеберханасы”,” Ең ақылды”,” Ең шебер”,” және басқа сұрақтарға жауап берді. Екі команда да бірдей ұпай жинаған соң, жеңіс ортақ болды.
Қ. Пішенбаев атындағы ЕТТК кітапханашысы О. В. Кожемяк әйелдер жазушылары Джульетта Бензони, Жаклин Сюзан, Линда Ховард, Дарья Донцова, Екатерина Вильмонт және басқалардың кітаптарына шолу жасады. Аталған кітаптардың барлығы орталық қалалық кітапхана әйелдер мерекесіне арналған іс-шара қатысушыларына сыйлық ретінде ұсынды.