2023 ж. 26 мамыр күні «Лидер» студенттік парламентінің мүшелері Калин Николай, Балғабаев Әли және №56 топ студенттері Жолдаспаев Сабыржан, Либих Евгений, Баккелді Алтынбек Достық үйінде өткен іс-шараға қатысып, «Атамұра» ұлттық орталығы, «Достық үйі» және этномәдени бірлестіктермен жас көшеттерді отырғызып, бірлесіп акция өткізді. Аталмыш Іс-шара «Атамұра» Ұлттық орталығының 30 жылдығы мен Балаларды қорғау күнінің құрметіне орай өткізілді.
Флешмоб өткізу -студенттердің әлеуметтік, танымдық белсенділігін арттыруға, жан-жақты шығармашылық пен әлеуметтік бастамаларды дамытуға ықпал етеді, іс-шара соңында қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын салтанатты орындап, ұжымдық суретке түсті.