2023 жылғы 30 мамырда Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Е.А.Полупанова, жастар ісі жөніндегі инспектор А. К.Смаилова «Тоғыз құмалақ» үстел ойыны бойынша спорттық флешмоб өткізді, аталған ойынға колледж студенттері, ата-аналар мен педагогтар қатысты.
Флешмобтың мақсаты студенттер мен ата-аналарды ұлттық ойындарға тарту, ата-аналар мен балаларды біріктіру. Ұлттық ойында достық жеңіске жетті!