27.09.2024 жылы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінде “Баланың қауіпсіздігі – қоғамның басымдығы” тақырыбында 1 курсқа арналған жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру болды.
Колледж басшысы Т. К. Акатаев ата-аналарды колледж ережелерімен, студенттердің оқу жағдайлары туралы таныстырды, топтардағы шеберлердің мен кураторлардың жұмысы туралы айтып берді, сондай-ақ ата-аналарға балалардың бос уақытын жиі бақылап отыру, жанжалды жағдайларды болдырмау үшін оның хоббиіне қызығушылық танытып, балаға көбірек көңіл бөлу туралы өтініш білдірді. Басшының оқу жөніндегі орынбасары А. М. Умарова оқу процесін ұйымдастыру, студенттерді аттестаттау, алдағы емтихандар мен демалыстар туралы айтып берді.
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында басшының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М. К. Құсайынова өз сөзінде ата-аналардың назарын кәмелетке толмаған бала үшін отбасының жауапкершілігіне, балаларының мінез-құлқы мен бос уақытын тиісті бақылаудың маңыздылығына аударды, негізгі интернет-қатерлер туралы, балаларының телефондардағы қосымшалар мен ойындарды тексеру қажеттігі туралы айтты. Сондай-ақ, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ұсынылған “Өнегелі 15 минут” мәселелері талқыланды.
Колледж психологы Т.М. Мұхамеджанова бірінші курс студенттерін бейімдеу, әлеуметтік-жауапты мінез-құлықты қалыптастыру бойынша колледж бен отбасының өзара іс-қимылы туралы сөз сөйлеп, психологиялық сау тұлғаны тәрбиелеу бойынша ұсыныстар берді.
Студенттерге психологиялық қолдау қажет. Тиісті қолдаудың жетіспеушілігімен немесе болмауымен бала көңілі қалады және әртүрлі теріс қылықтарға бейім.
Баланы қолдауды үйрену үшін мұғалімдер мен ата-аналар қарым-қатынас пен олармен қарым-қатынастың әдеттегі стилін өзгертуге мәжбүр болады. Ең алдымен студенттің қателіктері мен жаман мінез-құлқына назар аударудың орнына, ересек адам оның іс-әрекетінің жағымды жағына назар аударуы керек және оның іс-әрекетін ынталандыруы керек. Баланы қолдау-оған сенімділік білдіру. Ауызша немесе вербалды емес түрде оған оның күші мен қабілетіне сенетіндігін айтып, жеткізу қажет.
Қорытындылай келе, ата-аналар әкімшілікке өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жасөспірімдерге қатысты мәселелерде ынтымақтасу туралы ұсыныс жасады.