«Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетудің алдын алу акциясын өткізу шеңберінде психолог Т.М.Мухамеджанова Екібастұз қ. ЮПТ жергілікті полиция қызметінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы,  майор Д.К.Калыковамен бірігіп «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты тақырыпта колледж студенттерімен онлайн-кездесу өткізді.

Іс-шара мақсаты ересектер жағынан да, құрдастар жағынан да оларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады. Кездесу барысында студенттерге көптеген  ұсыныстар берілді.

Қажеттілік туындаған жағдайда  колледж психологына немесе кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі полиция инспекторына хабарласуға болады.