09.11.- 13.11.20  “Металл өңдеу және дәнекерлеу” апталығы аясында онлайн түрде токарьлар мен электргазбен дәнекерлеушілер үшін іс-шара өткізілді.
СД-44 және ТМ-43 бірінші курстары  өндірістік оқыту шеберлері “БІЗДІҢ СҮЙІКТІ КОЛЛЕДЖ” бейнеэкскурсын ұйымдастырды, онда студенттер бейнематериал мен презентациялар арқылы өндірістік корпусты, токарлық және дәнекерлеу цехтарын, оқу кабинеттерін көре алды.
Екінші курстар үшін оқытушы Б. Исаев СД-37 гр және ТМ-36 гр “ТАУЫП КӨР”зияткерлік ойынын өткізді; онда студенттер “қара және түсті металдар” тақырыбынан  Материалтану пәні бойынша өз білімдерін көрсете алды»
Үшінші және төртінші курстар үшін “Өндірістегі ТҚ” тақырыбында плакаттар конкурсы өткізілді»
Апта соңында оқытушылар Ж. Иманқұлова мен Д.Сәрсенбаева қорытынды жасады. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар онлайн режимде грамоталар алды.
Барлық іс-шаралар ZOOM онлайн платформасында өткізілді.