2020 жылы 12 қаңтар күні сынып жетекшілерінің  әдістемелік семинар отырысы өтті. Семинардың басты мақсаты: сынып жетекшілерінің тәжірибесін жинақтау және тарату, олардың кәсіби шеберлігін арттыру . Конуспаева Әсел 43 “Токарь” тобының сынып жетекшісі , студенттерді  іс-шараға белсенді қатыстыру тәсілдерімен,  «Тәуекел» тобындағы балалармен, олардың ата-аналарымен   өткізген  жеке іс-шараларды   талқылап, ұжымдық топта бірлікті , татулықты қалыптастыру жолдарымен жас мамандар мен сынып жетекшілерін өз тәжірибесімен таныстырды. Ө/о оқытушысы №37 топ  шебері Бауыржан  Исаев тәрбие сағаттары мен іс-шараларды өткізудің әртүрлі әдістері туралы айтып берді. Ө/о шеберінің  жаңа инновациялық технологияларды тәрбие сағаттарында қызықты пайдалану жолымен,  әр студенттің оқу процессі мен сыныптан тыс іс-шараларға белсенді қатысуы жөніндегі ақпараты мазмұнды болды. Студенттер өздері бүкіл семестрге жұмыс жоспарын жасайды,  топтағы балаларды ынтымақтастыққа тартады, өздері бағалайды. Балалар студенттік өмірдің қызықты өтуіне өздері ат салысады, және алдағы жұмыстарды  жоспарлауды үйренеді.

Тәрбие жұмысын жоспарлай отырып, тәжірибелі ұстаз Қонысбекова Жанар Мұратқызы, тәрбие – білім беру процесінің сапасын қамтамасыз ететін маңызды жағдайлармен бөлісті. Балалардың жас және жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру, балаларға сенім білдіру, мінез-құлық себептерін анықтау және сараланған тәсілдерді қолдану-сынып жетекшісінің міндетті ісі. Бұл жағдайда бұл жұмыс жүйелі, дәйекті және тиімді болады.Студенттердің психологиялық ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек.

Махметова Сандуғаш Темірболатқызы- 36 топтың сынып жетекшісі өз баяндамасында  Терроризм, жалпы әлемдік әлеуметтік проблемалар   және әлеуметтік сипаттағы қатал төтенше жағдай болып табылатын діни экстремизм жөнінде айтып өтті, жат ағымдардың қазіргі жастардың арасында насихат жүргізуі жөніндегі шағын жобамен таныстырып өтті,оқытушылар да өз пікірлерін ортаға салып, оқытушыға сұрақтар қойды.

Колледж психологы Тоты Мұхамеджанова семинарды қорытындылап,  сынып жетекшілері мен ө/о шеберлеріне құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде  психологиялық  қолдау бойынша ұсыныстар берді және қатысушылармен тренинг өткізді.

Семинар қызықты және мазмұнды өтті. Қатысқаныңыз үшін рахмет.