2021 жылғы  қаңтар айының соңында колледж әкімшілігі  әлеуметтік серіктес «Богатырь Көмір» ЖШС-мен жеке құрам және әлеуметтік саясат жөніндегі директоры А.К.Макеновтың қатысуымен бейнеконференция өтті. Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері талқыланды: әлеуметтік жобаны жалғастыру –колледж студенттеріне атаулы шәкіртақы тағайындау, жаңа оқу жылында дуалды оқыту формасын жаңарту перспективалары, сондай-ақ ИПҚ іс-тәжірибесі және пандемия кезінде колледж студенттерінің практикадан өтуі. Басшының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары С.С.Аубакирова колледжде жұмыс берушілер қатарынан құрылып жатқан индустриялды кеңес туралы, 2020 жылдан бастап кәсіпорындар базасында өткізілетін World Skils стандарттары бойынша бітіруші топтар үшін демонстрациялық емтихан туралы хабардар етті. Сондай-ақ кәсіпорынның келешекке арналған кадрларға қажеттілігі және кәсіптік бағдар беру жұмысына бірлесіп қатысу мәселелері талқыланды. Кездесу соңында колледж басшысы Т.К.Акатаев компанияға Павлодар облысы үшін жаңа мамандықтар атласы бойынша форсайт – сессияға қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова