2021 жылы 25 ақпан күні Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінің түлектері «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» «Шығыс» кеніші  АҚ ERG күніне арналған  іс-шараға қатысты. Кездесу онлайн «ZOOM» платформасында өтті. Аталған іс-шара  «Шығыс» кеніші  басшыларымен, жас мамандармен кездесу, сонымен қатар студенттер кәсіпорынның басымдықтары мен карьералық өсу мүмкіндіктері туралы ақпараттармен танысты. Студенттер компания туралы креативті батл-бейнефильмді  қызығушылықпен көрді. Жаңа технологиялармен және жабдықтармен танысты. Студенттерге викториналық сұрақтар қойылды. Кездесу барысында студенттер компанияның әлеуметтік саясат туралы, яғни компанияға токарлар мен электр газымен дәнекерлеушілер қажет пе? Пандемия практикаға шығуларына кедергі келтірмей ме?  деген сұрақтарына жауаптарын алды. Студенттерді экология және компания креативті стартаптарды әзірлеуде жастарға қолдау көрсете ме деген сұрақтар мазалады. «Электровоз машинисінің көмекшісі» № 28 топтың студенті Набиев Рустам қарды тазалау және пайдалы суға қайта өңдеу туралы өз ойымен бөлісті. Кездесу соңында басшының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары С.С. Аубакирова ұйымдастырушыларға қызықты кездесу үшін және компания мамандарының колледждің индустриалды кеңесінің құрамына кіруге келісімі үшін алғыс білдіріп, одан әрі  ынтымақтастықтың нығая түсуіне сенімін білдірді.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова