Педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Сертификаттау екі кезеңнен тұрды:
1. Ұлттық біліктілік тестілеу – тестілер бойынша мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
2. Іс-әрекет нәтижелерін жан-жақты талдамалық жалпылау – келесі көрсеткіштерге негізделген педагогтың кәсіби құзыреттілігін жүйелі, дәйекті және объективті зерттеу: білім сапасы, қабілеттер мен дағдылар, білім алушылардың оқу жетістіктері, оқыту сапасы мен кәсіптік жетістіктер – ұстаздарға біліктілік санаттарын берудің (растауының) екінші кезеңі.
«Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-да 15 оқытушы аттестациядан сәтті өтті. Оның ішінде 7 оқытушы педагог-зерттеуші, 4 оқытушы педагог-сарапшы, 4 оқытушы педагог-модератор мәртебесіне өтті. Әріптестерді құттықтаймыз!!!