Оқу жылының соңында Павлодар қаласында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған «Дәнекерлеу ісі», «Токарлық іс және металл өңдеу», «Слесарлық іс» бағыттары бойынша  «Қазақстанның жануарлар әлемі» тақырыбында колледж студенттері арасында металдан жасалған инсталляцияның облыстық конкурсы өтті. Қ. Пішенбаеев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің студенттері мен өндірістік оқыту шеберлері байқауға бірнеше инсталляция дайындады: «Менің Қазақстаным» панносы, «Қар барысы», «Ит», «Бұғы» макеттері. 2021 жылғы 11 маусымда байқаудың қорытындысы шығарылды:

«Менің Қазақстаным» панно №41 топ студенті Тлектесов Али, №40 топ студенті  Болат Азамат өндірістік оқыту шеберлері Е.Т.Касымов, Г.Ж.Опабекова, С.М.Зейнулина жетекшіліктерімен І орынға ие болды.

«Қар барысы» макеті-№44 топ студенттері Төлегенұлы Муслим,  Әбет Асан өндірістік оқыту шеберлері Н.С.Сабденбеков, Б.К.Ергалиев, Т.Т.Зында жетекшіліктерімен ІІ орынды иеленді. «Ит» және «Бұғы» моделі үшін №36 топ студенті–Сапш Мәди сертификат алды, жетекшісі Ж.К.Бейсенов.

Басшының ОӨЖ жөніндегі орынбасары С. Аубакирова

Құттықтаймыз!!!