Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау- кен техникалық колледжінде 2021жылы қыркүйектің 03 күні өзге ұлт өкілдері арасында «Тәуелсіздік-басты құндылығымыз!» тақырыбында жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді. Іс-шараның мақсаты-этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Диктант басталмас бұрын студенттер тақырыптың ерекше тарихи маңызы жөніндегі өз пікірлерін ортаға салып,Тәуелсіздікке жету жолындағы белестерді атап өтті.
Диктантқа студенттермен қатар білім ұжымының ұстаздары да қатысты.