2021 жылғы 9 қыркүйек күні колледж кітапханасында отбасы күніне арналған «Отбасы-шабыт көзі» атты іс-шара өтті.

Іс-шара мақсаты: Отбасы мүшелеріне және отбасы дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу.
Іс-шараға №45, 52, 54 топ студенттері қатысты. Кітапханашы О.В. Кожемяк қатысушыларды Ұлттық Отбасы күнімен құттықтап, әр жанұяда тек шаттық, қуаныш көп болсын, өйткені нағыз бақыт-бұл туған адамдардың қамқорлығын сезіну деп тілек білдірді. Студенттерге «Біздің жанұя» атты кітап көрмесі және «Менің отбасым» тақырыбында презентация ұсынылды. Қатысушылар арасында «Бос уақытыңызды ата-анаңызбен қалай өткізесіз? және Сіз нені таңдайсыз: достарыңызбен көңілді кеш өткізу немесе ата-анаңызбен сапарға шығу?» сұрақтары бойынша өз ойларын ортаға салды.
Содан соң «Отбасы-шабыт көзі» тақырыбында шағын шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысы бойынша ұжымдық дауыс беру арқылы таңдалған үздік шығарма иелерін марапаттап, оларға сыйлық ретінде кітаптар тарту етілді. Байқауға Асетова Диана, Голишева Полина, Салы Нурия, Жигер Диляра, Салменкызы Дана, Сатыбалдина Сабина, Садык Диана, Аленова Айгерим, Бордиян Дарья қатысты.