2021 жылғы 11-29 қазан аралығында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу» арнайы пәндерінің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында педагогтердің еңбек саласындағы кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру мақсатында «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы 4 аптадан тұратын курсын ұйымдастырды. Курс бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары оқыту процесінде білім беру ұйымдарындағы білім беру процесін академиялық дербестікті есепке ала отырып модельдеу енгізу бойынша құнды ақпарат алып жатыр.Оқу сабақтары кезінде инновациялық педагогикалық технологияларды және тыңдаушылардың оқыту нәтижелеріне қол жеткізуі үшін тренерлік құралдарды пайдаланады. Әрбір модуль аяқталғаннан кейін педагогтер өздерінің практикалық жұмыстарын көрсетіп, портфолиоларын қорғайды.