2021жылғы  11-15 қазан аралығында инженерлік сала бойынша    техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында Республикалық   кәсіби шеберлік конкурсының   1- кезеңі өтті.

Байқаудың мақсаты:  арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерін анықтау,педагогикалық тәжірибе инновацияларын тарату және  арнайы пәндер оқытушылары мен ТжКБ жүйесінің МӨО-дың кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

Байқаудың 1-кезеңіне Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінен арнайы пәндер оқытушылары Г.П. Абетова және Д.С.Каримова  машинажасау мамандығы   0715 «Механика және металлөңдеу» бағыты бойынша   қатысты.

Байқаудың 1 кезеңі  теориялық, екі модульден тұрды.

Модуль 1-техникалық тапсырма бойынша графикалық редакторда сызба құру.

Модуль 2 – мамандық бойынша кешендік тест. Бұл сынақтардан әріптестеріміз сәтті өтті!

Арнайы пәндер оқытушылары Г.П. Абетова және Д.С.Каримова байқаудың тәжірибелік бөліміне  2- кезеңіне жіберілді.

Байқаудың 2- кезеңі 2021жылғы 08 қараша-10 қараша аралығында Семей қаласында өтеді.

Әріптестерімізге тәжірибелік дайындықтарын, оқу-өндірістік үдерісіндегі кәсіби біліктілік пен  қалыптасқан дағдылар және   инновациялық тәсілдердің үздік әдістерін көрсетуде үлкен жетістіктерге жетулеріне  тілектеспіз!