Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ағымдағы жылдың 09 желтоқсан күні «Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК №50 топтың өндірістік оқыту шебері Б.Жабикенова мен топ кураторы Д.Каримованың ұйымдастыруымен «Ел тағдыры-ер тағдыры» атты тәуелсіздік құрдастарымен кездесу кеші өтті. Іс -шараға тәуелсіздік құрдасы Қибаш Данияр Ойратұлы қатысты. Ол бүгінгі таңда «Майкубен-Вест» АҚ 5 разрядты токарь болып жұмыс істейді. Данияр токарь мамандығы бойынша оқып жатқан №50 топ студенттеріне өзінің атқарып жатқан жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айта отырып, тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қатысқан тәуелсіздік құрдасына арнайы слайд дайындалып, студенттерге үлгі өнеге ретінде көрсетілді. Студенттер келген қонаққа әр түрлі сұрақтар қойып белсенді қатысты.