Іс -шаралар

Оқу үрдісіне көптілділікті енгізу.

Қазақстанда енгізілетін көптілді білім беру бағдарламасы бірегей болып табылады және батыстық аналогтардан айырмашылығы үш тілде қатар және бір мезгілде оқытуды білдіреді. Осы бағдарламаның мақсаты қазақ, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеру негізінде тілдік құзыреттілікке ие, мәдениетаралық коммуникацияға қабілетті жоғары білікті бәсекеге қабілетті мамандар даярлау болып табылады.
Қазақстанның білім берудің маңызды стратегиялық міндеті бір жағынан ең үздік қазақстандық білім беру дәстүрлерін сақтау, екінші жағынан колледж түлектерін халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ету, олардың лингвистикалық санасын дамыту болып табылады.
Табысты жұмысқа орналасуға және кәсіби мансапқа жоғары мүмкіндік алғысы келетін адам кем дегенде бір шет тілін жеткілікті дәрежеде меңгеруі тиіс. Тілдерді білу болашақ маманның ой-өрісін кеңейтеді, оған қазіргі жағдайда өзінің кәсіби қызметін, әсіресе шетелдік әріптестермен неғұрлым табысты жүргізуге, өзінің жеке мансабын құра білетін, ұтқыр болуға және болашақта отандық және әлемдік нарықтарда қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге және бүкіл қоғамның қолайлы дамуына белсенді түрде жәрдемдесуге мүмкіндік береді. Студенттерге кез келген ортада коммуникативтік – бейімделуге мүмкіндік береді, өйткені үш тілді меңгеру қазіргі қоғамда адамның жеке және кәсіби қызметінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Тілдер-бұл барлық континенттердегі қызмет көрсетуші персоналмен шетелдік туристердің қарым-қатынас құралы, ғылым, техника, экономика, сауда, спорт, туризм сияқты адам қызметінің салаларында маңызды рөл атқарады. Қазіргі әлемде шет тілін білмей, бірде-бір адамға болмайды.
18 ғасырда француз философы Ф. Вольтер “көп тілді білу – бір құлыпқа кілттердің көп болуын білдіреді” деп айтқан. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жаңа буынына Үш тілді меңгеруге мүмкіндік беруге ұмтылады.

Мақаланы жүктеу


Елімнің жазба тарихы

Қазақ тілі әліпбиінің латын графикасына көшуіне байланысты КМҚК «Қ.Пшенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінде 2019ж 31.10.күні І курс студенттерінің арасында «Елімнің жазба тарихы» тақырыбында екі тілде кітап көрмесі өткізілді. « Тіл -халық тарихы, тіл ұлттық қазына, тіл біздің намысымыз, арымыз, барымыз,байлығымыз»-деген ұлағатты сөздер көрменің басты идеясын ашатын эпиграфы болып танылды.


«Тіл шебері» байқауы

Көптілділікті дамыту мақсатында қалалық Достық үйінде «Тіл шебері» байқауы өткізілді. Байқауға оқу орындарының студенттері мен жас мамандары қатысты. Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінен 1 курс студенті Левченко Владислав және арнайы пәндер оқытушысы Оразымбетова Асия Асанқызы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Левченко Владислав 3- орынға ие болды, Асия Асанқызы Алғыс хатпен марапатталды.


Тілдер достығы-халық достығы

2019 жылғы қыркүйектің «07» күні қалалық «Достық» үйінде Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне арналған «Тілдер достығы-халық достығы» тақырыбында мерекелік фестиваль ұйымдастырылды.
Іс-шараға қаланың көрнекті ақын-жазушылары мен оқу орындарының белсенді ұстаздары шақырылып, оларға құрмет көрсетіліп, сахнада қазақ, белорус, неміс, орыс халқының әндері шырқалып, халық достығы дәріптелді. Мемлекеттік тілдің дамуына елеулі үлес қосқандары үшін қала әкімдігі «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімінің атынан біздің колледжден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушылары Жұмабекова Ырысты Айтмағамбетқызы мен Махметова Сандуғаш Темірболатқызы грамота және сыйлықпен марапатталды.


«Үштілділік-заман талабы»

Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау- кен техникалық колледжінде «Үштілділік-заман талабы» тақырыбында педагогикалық ұжымға арналған семинар өткізілді. Семинарды ағылшын тілінің оқытушысы Тезекбаева Г.А. жүргізді. Семинардың соңында талап бойынша арнайы пәндерге терминологиялық сөздік , глосарий енгізілсін деп шешім қабылданды.
Seminar on the theme: “Introduction of multilingualism in the educational process»
17.09.2019 Teacher of English Тezekbayeva Gulzhan Amangeldinovna conducted for the team of the Mining College named after Pshembayev.
Seminar on the theme: “Introduction of multilingualism in the educational process»
Multilingualism is a requirement of time. Modern man today is characterized as a person who is fluent in two or more languages. In this regard, the universities and schools of our country are gradually implementing the cultural project “Trinity of languages”. The idea is expressed by a simple and clear formula: we develop the state language, support Russian and learn English. Mastering English gives you the opportunity to study abroad in the best universities in the world and creates the opportunity to get practical experience in the advanced countries of the world.
The seminar was enjoyed by all.


Байқау туралы ақпарат

2020 жылы 06 ақпанда Екібастұз тарихи-өлкетану мұражайының ұйымдастыруымен студенттер мен оқушылар арасында А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ана тілі-жүрек үні» атты поэзиялық кеш өткізілді. Колледж атынан «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығында оқитын І курс студенттері Сыздыков Ерсайн, Клектесов Темиржан, Олжабай Темирлан, сонымен қатар «Өндірістегі электрлік-механикалық жабдықтар» мамандығы бойынша оқитын Аубакирова Эльвира қатысты (жетекшісі: әдіскер, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Р.А.Жумабекова). Байқаудың қорытындысы бойынша поэзиялық кешінде ерекше іздемпаздығын көрсеткен студенттер Сыздыков Ерсайн 1-орын, Клектесов Темиржан 2-орынды иеленді. Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының Абай образын үздік сомдағаны үшін Аубакирова Эльвира Алғыс хатымен марапатталды.

2020 жылдың ақпан айының соңында Павлодар техникалық сервис колледжінде Абайдың 175 жылдығына арналған «Арттағыға сөзің мен ісің қалсын» тақырыбында облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның тақырыптық бағыттары:
1. Рухани жаңғырудағы Абайдың шығармашылық мұрасының маңызы.
2.Абай және Қазақстанның қазіргі мәдениеті.
3.Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері мен үрдістері.
Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжінен 1 курс студенттері Клектесов Теміржан, Сыздыков Ерсайын, Шалабай Назгүл қатысты. Конференция қорытындысы бойынша Шалабай Назгүл жүлделі ІІ орынға ие болып, арнайы сыйлықпен марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Сандуғаш Темірболатқызы Махметова алғыс хатқа ие болды. Клектесов Теміржан, Сыздыков Ерсайын сертификаттармен марапатталды (Жетекшілері: Ертай Тілеужанұлы Қасымов, Жанар Мұратқызы Қонысбекова).

статья полиязычие