Материалды-техникалық база

Студенттерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету  олардың денсаулығын сақтаудың және тиімді оқу қабілетінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Тамақтануды жақсы ұйымдастыру халықтың, бірінші кезекте студенттердің денсаулық деңгейінің көрсеткіштерін жақсартуға алып келеді, өйткені олар уақытының көп бөлігін оқу орындарында өткізеді. Сондықтан тамақтану жас ұрпақтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Толық және теңдестірілген тамақтану аурулардың алдын алуға, өнімділікті арттыруға, физикалық және ақыл-ойдың дамуына ықпал етеді, олардың қазіргі өмірге бейімделуіне жағдай жасайды.

«Қ. Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен техникалық колледжі» КМҚК-де   150 орынға арналған асхана бар. Асхана соңғы үлгідегі жабдықтармен жабдықталған.