2021 жылдың 26 мамыр күні техникалық және кәсіптік білім беру студенттер арасында “IT PROJECT” қашықтықта облыстық конкурс өтті. Аталған конкурста Павлодар облысының колледж студенттері қатысты. Екінші кезеңге 10 колледжден 23 студент өтті. Қ.Пішенбаев атындағы тау-кен техникалық колледжінің атынан 7 студент 3 бағытта : “Ең үздік IT-жоба” бағытында Мадиниетов Рахат, Табыс Канат, Гончаров Николай, ” Өндіріс пен кәсіпорын салаларында ең үздік IT-жоба” Салменкызы Дана, “Ауыл шаруашылық саласындағы ең үздік IT-жоба” бағытында Самат Султанбек, Жетбесбаев Нурлан, Жетбесбаев Ерлан қатысты. Студенттерді конкурсқа дайындаған жетекшілер Умарова А.М., Опабекова Г.Ж., Балуанова И.К., Жетбесбаева А.А., Воронова И.М. Осы конкурсты ұйымдастыруға белсенді қатысқан колледж әдіскері Жумабекова Р.А. Конкурс нәтижесі бойынша бірінші жүлделі орынға ие болған Мадиниетов Рахат, қалған қатысушылар мен жетекшілер сертификаттар мен алғыс хаттармен марапатталды. Конкурс қатышушыларын құттықтаймыз.