27.05.2021 жылы «Қосым Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК-да Инженерлік педагогикалық ұжымына арналған «Педагогикалық қарым-қатынас этикасы. Білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттесуі» тақырыбына арналған семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: педагогикалық қарым-қатынас этикасы бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерінің өсуіне ықпал ету; тұлғааралық өзара әрекеттесу кезінде сындарлы стратегияларды таңдауға алғашқы қатынасты қалыптастыру.

Семинарда іскерлік қарым-қатынас этикасы адамдардың кәсіби қызметі процесінде мінез-құлық пен қатынасты реттейтін адамгершілік нормалары, ережелері мен тұжырымдамаларының жиынтығы ретінде талқыланды.

Педагогикалық салада педагогикалық қызметкерлердің кәсіби қызметінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады.

Іскерлік қарым-қатынастың негізгі үш түрі бар:

  1. Іскерлік қарым-қатынас этикасы «жоғарыдан төмен» (басшы – қол астындағы жұмысшы).
  2. Іскерлік қарым-қатынас этикасы «төменнен жоғары» (қол астындағы жұмысшы – басшы).
  3. Іскерлік қарым-қатынас этикасы «көлденең» (бір деңгейдегі басшылар немесе команданың қарапайым мүшелері арасында).

Педагогтың этикалық кодексі педагогикалық этика принциптеріне негізделген. Ол педагогтердің жеке басына қойылатын талаптарды, падагогтың оқушылармен, әріптестерімен және әкімшілікпен қарым-қатынасын, абыройы мен беделін реттейді.

Семинар барысында психолог Мұхамеджанова Т.М. «Ең жақсы және ең нашар», «Комплимент», «Алма және құрт» және «Біздің команда – бұл …» тренингтерін өткізді.

Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Көпежанова Ж.Ф. ұжымды педагогикалық этика мен еңбек тәртібін үнемі сақтауға шақырды.

Егер сізде еңбек дауы болса, тікелей колледж әкімшілігіне немесе тәрбиелік әдеп жөніндегі кеңеске хабарласыңыз. Әріптестерге құрметпен сөйлесу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу; білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілерін мойындамау. Әріптестер тарапынан мұндай әрекеттерді басуға күш салу керек.

Сонымен, педагогикалық этикетті сақтау педагогтың беделін нығайтуға көмектеседі, балалар мен педагогикалық ұжымдағы қолайлы психологиялық ахуалға ықпал етеді.