Жастар саясатын жүзеге асыру жастар бастамашылығы орталығымен өткізілетін қалалық, облыстық, республикалық форумдарға біздің колледж студенттерінің қатысуы арқылы өтеді. Колледжде колледжден тыс сағаттар мен тәрбие сағаттары, сонымен бірге колледжден тыс іс-шаралар өткізу арқылы:
-«Жасыл ел» республикалық форумына 2курс студенті Сапш Қуаныш қатысты;
-қараша айында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» тақырыбында сынып сағаттары мен тәрбие сағаттары өткізілді.Бұған Жастар бастамашылығы облыстық орталығының өкілі қатысты және бұл акцияға белсене қатысқаны үшін колледжге грамота табыс етілді;
-колледж студенттері қалалық Жастар бастамашылығы орталығымен өткізілетін барлық іс-шараларға қатысады.
«Патриот бол-түбіртек талап ет» қалалық конкурсында біздің колледждің студенттері 1-орын алды;
Жастар бастамашылығы орталығының волонтерлары қараша айында Баянауыл ауданына экскурсия жасап, құрметті орындармен танысты, мұражайға барды.