ҚОСЫМ ПІШЕНБАЕВ АТАМЫЗДЫҢ ТУҒАНЫНА 175ЖЫЛ

Биыл Қосым Пішенбаев атамыздың  туғанына-175 жыл  Қосым  Пішенбаев  -ұста,зергер,рудатанушы,1844 жылы Павлодар облысы,Баянауыл  ауданы, Шоқпар ауылында  дүниеге келген. Жас кезінен,үй ішіне қажетті  күнделікті қолданыстағы  әр түрлі бұйым заттарды, шебер жасауымен көзге ерекше  түскен.Қазақтың  алғашқы  кентанушысы Қосым атамыз  Майбұлақ деген  жерден мыс кенін тапқан.Мектебімізде жас ұрпаққа өнеге болсын деп Тастың тілін түсінген  қазақ немесе Қосым Пішенбаев деген кім ? -атты дөңгелек үстел өткізілді. Мұражайда Қосым атамыздың  ұрпақтармен кездесу болды.

Қосым атамыздың  ата-баба ,ұрпағы жайлы  М.Шәріпов  жақсы білетін : “Құлболдыдан Майлытон (Қабылан ) одан Жәйләу ,одан Қоныс ,одан Пішенбай ,одан Қасым мен Есімбай туады.Қосымнан  Әбіш ,Мұқыш .Ал Есімбайдан Ақыш.одан Амантай одан Арман,Ерлан,Ержан  тарайды.Қазір Есімбайдың Ақышы Екібастұзда тұрады. Ал Қосым  Пішенбаевтің Әбіш деген ұлы  Павлодар қаласының маңындағы “499” ауылында тұрып,сол жерде дүниеден   өтіпті. Мұқышы  Қарағанды облысы Молодежный  жерінде тұрған  сол елде қайтыс болған.Әбіш пен Мұқыштан  ер бала болмаған,ал қыздарының қыздарынан  тараған қыз жиеншарлар бар.Кең орындарының  табуда жаңалығы аз емес.Баянауыл өңіріндегі Беріқара, Екібастұз, Жартас,Жосалы ,Көктас,Қазанауыз , Майкүбі,Майқайын  мыс,көмір қорғасын алтын кендерін алғаш рет ашқан.Ал  шын мінінде Қосымның  Екібастұз  көмір кенін ашқаны туралы деректерді жинақтап дәлелдеп берген майдангер жазушы Қалмұқан Исабаев еді. Қосым атамыз 1932жылы 89 жасында қайтыс болды.Ер есімі ел есінде деп  жас ұрпаққа Қосым атаның  жасаған еңбектерімен танысу өте қызықты және  естерінде мәңгі сақталатын болды.