РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы ел халқы­на арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталды. Форматы басқаша, яғни, баспасөз арқылы жасалған бұл бағдарламалық құжаттың мазмұны да жылдағыдан қысқа әрі нұсқа болып отыр. Елбасының жолдауында Қазақстан үшін басымдыққа ие мақсаттар мен міндеттер алғаш рет қысқа мер­зімге белгіленіп отыр. Бұл ретте әрине, Мемлекет басшысы елі­міздің 2050 жылға қарай әлем­дегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиістігін тағы бір еске салды.
Осы мақсатқа қарай табан­ды­лықпен ілгерілеу қажеттігін, жалпы ел болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеңіске жететіне кезекті рет үндеді.

Жаңа жолдауда әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция басталғанына айрықша маңыз беріліп отыр. Елбасының айтуынша, экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біздің көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер – әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік. Бұл Қазақстанды Үшінші жаңғырту, яғни, елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндетін алға қояды.
«Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» базасында өткізіледі.

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы 6 арнайы жобадан тұрады:

– “Туған жер”

– “Қасиетті Қазахстан”,

– “Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет”,

– “100 жаңа оқулық”,

– “қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру”,

– “100 жаңа есім”,

– Арнайы 4 кіші бағдарламадан тұрады: “Атамекен”, “Тәрбие және білім”, “Рухани қазына” және “Ақпарат толқыны”.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының негізінде колледж жоспары құрастырылды.

 

Loader Loading...
EAD Logo Taking too long?

Reload Reload document
| Open Open in new tab