2015 жылы 4 қазанда инженерлік-педагогикалық ұжымға арналған «Техникалық және кәсіптік білім берудегі жалпы білім беру циклі оқытушыларының кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында семинар өткізілді. Бүгінгі күні білім беру бізге мынадай міндет қойып отыр: өз пәнін ғана оқытып қоймай, сонымен бірге баланы функционалды сауатты, жан-жақты дамуына тәрбиелеу керек.

              Құзіреттілік оқыту келесі бағыттарға бағытталған:

2-интерактивті технологияларды қолдану;

-стандартты емес сабақтарды өткізу;

-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;    

-оқушылардың өз білімдерін жетілдіру қызметін реттеуі;

-оқушыларды дамыту динамикасын жаңартып отыру;

-ғылым мен мәдениет жетістіктерін насихаттау;

-шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды дайындау;

1-жеке пікірлерін айтуларын реттеу;

-жұмыста диалогтік әдістерді пайдалану;

-әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды әзірлеу;

-проблемалық жағдаяттарды құру;

-өзін-өзі бағалау және өзара тексеру әдістерін енгізу;

-ауыспалы құрамның және басқаларының жұптық және топтық жұмыстарын ұйымдастыру.

         Сабақта педагог білім алушылардың жеке ерекшеліктерін зерделей отырып, тапсырманы таңдауды ұсынады,білім алушылардың есте сақтауларына, ақпарат алуларына көбірек қолайлысын талқылайды. Сол себепті, педагогтың сабағы жеке-бағдарлы оқытуға тән әдіс-тәсілдерімен толықтырылған.Бұл сабақта оқушының оқу қызметін ұйымдастырудың жеке, топтық және фронтальді түрлерінің үйлесімділігі,оқушылар мен педагогтың жұмыстары, сонымен бірге шағын топтағы оқушылардың өзара әрекеттестігі көрініп тұр.

 Сабақты ұйымдастыруда оқу үдерісінің негізгі звеноларының өзара байланысы мен өзара жанасуы жүзеге асырылады: сабақта жаңа оқу материалын зерделей отырып,бұрынғы өткен материалдарды қайталау және бақылау синтезі жүзеге асырылады, жаңа оқу материалы зерделеніп қана қоймай, сонымен бірге практикада қолданылады және бекітіледі.

Оқытушының жаңа оқу материалын түсіндіруі жаңа білімді меңгеру,қолдана алу, жұмыс істеу тәсілі бойынша барлық топтардың жұмысымен, оқушылардың жеке және топтық өзіндік жұмыстарымен ауыстырылады.

Осыған орай педагог «білім көзі» және «бақылаушы» ретінде емес, «көмекші», «ұйымдастырушы», «қорғаушы», «сарапшы», жобалық қызметті ұйымдастырушы болып табылады.

3