Бүгін біздің қоғамда болып жатқан өзгерістер тұтастай проблемалар туындатуда. Солардың бірі – жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсауының өсуі болып табылады. Олардың мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтардың себептері жасөспірімдердің рухани құндылықтарының өзгеруі, жағымсыз отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар, жеткіншектердің тәртібін жүйелі түрде бақылаудың жоқтығы және ата-аналарының ажырасу сандарының көбеюінен туындайды.
Жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы оның мінез-құлқы кикілжіңдерінен, жан дүние күйзелістерінен туындаған процесс, өз-өзіне қол жұмсау дайындық түрінде жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық бейімделудің жоқтығына байланысты болуы мүмкін.
Өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлықтың бірі ретінде білім алушылардың экстремальді жағдайларында туындауы мүмкін, сондықтан алдын алу жұмыстары жүйелі түрде өткізілуі керек.
Осыған байланысты жыл сайын қараша мен сәуір айында «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК-де «Жасөспірім ортасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбы бойынша колледждің ИПҰ-на арналған семинар-тренингтер өткізіледі, оның мақсаты: оқу орнындағы және отбасындағы әлеуметтік-психологиялық қолдауға байланысты жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың ескерту мен алдын алу шараларын қарастыру.
2015 жылы 18 қарашада өткен семинарда Қазақстан бойынша статистика мәселелері, еліміздің көптеген депрессивтік салалары, жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың статистикасы, олардың түрлері мен себептері, мотивтері, оған дайындалу белгілері, жағдаяттық белгілері айқындалды, өз-өзіне қол жұмсаудың қалай алдын алу, ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері және бұл жағдайға қатысты мифтер талқыланды.
Нәтижесінде колледж психологы Т.М.Мухамеджанова жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша ұсыныстар берді. Семинар қызықты тренингпен аяқталды.