2015 жылы 24 қарашада Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжіне Қазақстан Республикасындағы Норвегия елшісі Оле Йохансом Бернойдың басқаруымен Норвегиялық делегация келді. Қонақтар колледждің мұражайында оқу орнының тарихымен танысты,презентация кезінде колледж басшысы К.Ш.Шайхсламовпен кездесті.Қонақтар мен колледждің әлеуметтік серіктестері «Білікті кадрларды дайындауда әлеуметтік серіктестіктің мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.Норвегияның техникалық және кәсіптік білімі ресми және ресми емес негізде мемлекеттік органдар мен әлеуметтік серіктестер арасындағы тығыз қарым-қатынасқа құрылған.Олардың арасындағы өзара әрекеттестігінің заңнамалық негізі еңбекті ұйымдастыру жөніндегі Халықаралық конвенция болып табылады.Конвенция ұйымдағы жұмыс берушілер мен кәсіподақ комитеттері кәсіптік бағдарлану мен дайындықтарын дамытуға қатысуы керектігін белгілейді.Әлеуметтік серіктестердің мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде барлық маңызды кеңестік және директивті органдарда өздерінің өкілдері бар.Сондай кең өкілдіктің арқасында әлеуметтік серіктестер оқытудың құрылымы мен мазмұнына, мамандықтарды тануға, оқу бағдарламаларын әзірлеуге және т.б.тікелей қатысады. Білім алушылардың оқу үдерісіне қатысуы мен оқыту сапасының бағасы білім беру мен кадрларды дайындау мәселелері бойынша заңнамалық актілермен анықталды.
Норвегия елшісін Павлодар облысының оқу орындарындағы оқытудың дуалдық жүйесін енгізу тәжірибесі қызықтырды. Дөңгелек үстел жұмысына облыстық білім беру басқармасы ТжКББ бөлімінің басшысы А.Н.Есенова қатысып, дуалдық оқыту бойынша облыстың 49 оқу орындарындағы жұмыстардың бағыттары мен ерекшелігі туралы, сонымен бірге облыстың бірнеше колледждерінде жұмысшы кадрларды дайындауда Норвегиялық жобаны іске асыру жөнінде ақпарат берді. Норвегияның барлық білім беру жүйесі мемлекетпен қаржыландырылады. Жалпы білім беретін мектептердің, оның ішінде барлық гимназия базасында түлектер үш жылдық орта кәсіптік білім алуға құқылы. Оқушылардың көпшілігі 16-21 жас шамасында. Білім алушылар келесі салалар бойынша он екі жалпы бағдарлама мен тоғыз ТКББ бағдарламасының біреуін таңдай алады. Олар: техникалық және өнеркәсіптік өндіріс, электр энергиясы, құрылыс, ас өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы,балық аулау және орман шаруашылығы, денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру,дизайн, өнер, медиа және коммуникация, қызмет көрсету және көлік. Әдетте оқу практикалық дайындықпен мектепте, мектеп шеберханаларында және қысқа практикамен кәсіпорындарда екі жылға созылады, содан соң кәсіпорындар немесе мемлекеттік мекемелерде екі жыл оқылады. Бұл модель «2+2»секілді белгілі. Басқа бағдарламалар «1+3» моделін іске асырады, бұл модельдер шеңберінде білім алушылар бір жыл мектепте және үш жыл кәсіпорындарда оқиды.
Бірінші жылы жоғары сыныптарда жалпы білім беру курстарынан басқа кәсіптік салаға кіріспе бойынша курстар оқытылады. Екінші жылы студенттер нақты кәсіптік салалар бойынша мамандандырылған кәсіптік курстарды таңдайды. Бір уақытта студенттер шеберханалар мен кәсіпорындардағы практикалық сабақтарға қатысады. Екі жылдық оқу тек тікелей кәсіпорындарда немесе ұйымдарда өткізіледі. Жоғарыда аталған бағдарламаларды тәмамдаған соң түлектер сертификат алады.
Кездесу барысында инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің кәсіпорындарда біліктіліктерін арттыру мен тағылымдамадан өту мәселелері бойынша пікір алмасулары болды. Норвегиядағы педагогтардың біліктіліктерін арттыру ұйымдарының ерекшеліктері жөнінде «ProjektAssistancе” компаниясының басшысы Хелль Ховард Севарайд толық әңгімелеп берді. Колледж педагогтарын Норвегиялық әріптестерінің қазіргі заманауи жабдықтарды қолдану арқылы алты ай бойы өз оқу орындарында әлеуметтік серіктестерімен бірге тәжірибелік жұмысты өтетіні қатты қызықтырды. Студенттер теориялық білімін тәжірибелік жұмыспен байланыстырып, нәтижесін көреді.
Жалпы қорыта айтқанда шетел әріптестерінің ТжКББ жүйесінің тәжірибесін зерделеу шеңберіндегі және халықаралық қарым-қатынастағы өзара маңызды кездесуі болды.