2015 жылдың 2-4 желтоқсан аралығында Павлодар қаласындағы «Павлодар көлік және коммуникация колледжі» КМҚК базасында «Кәсіптік стандарт құрылымын оқыту бағдарламаларына жобалау технологиясы» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагог қызметкерлерінің Республикалық семинар-тренингі өтті. Семинар-тренингті ҚР БҒМ РҒӘО
Павлодар филиалы ұйымдастырды. Семинар-тренингтің соңында әрбір тыңдаушыға «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ның сертификаты табыс етілді.