Мақсаты: студенттердің ой-өрістерін кеңінен дамыту арқылы, өз еліне деген патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Тарих пәні оқытушылары Булькендикова Т. А. және Тапалова Р. С., 2015 жылдың желтоқсан айы бойы ҚР-ның Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналып өткізілетін іс-шаралардың жоспарын жасады.
Қараша айының соңында Қазахстан тарихы оқытушысы Тапалова Р. С. және колледж әдіскері Жумабекова Р. А. , Жастар бастауын дамыту орталығымен бірге қосылып «Қазақ хандығының генезисі» тақырыбында Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап, қала колледждерінің жалпыбілімдік пән оқытушыларының қатысуымен ауқымды Дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: студенттердің тарих саласындағы білімдерін кеңейту және тереңдету, сонымен қатар Қазақ хандығының жасалуы мен дамуындағы «ақ дақтардың» сырын ашу. Осы іс-шараның аяғында ЕКИТИ оқытушысы Қазақ хандығына арнап шығарған өз өлеңін оқып берді, ал келген қонақтардың бәрі Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Колледжде Тұңғыш Президент Назарбаев Н. Ә. күніне арналып салтанатты линейка өтті, онда студенттер ән айтып, өлеңдер оқыды. Ал кітапханада, Жанабилова Ә. А. осы мерекеге арнап «Лидер XXI века», ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне «Қазахстан – менің Отаным» атты кітап көрмелерін ұйымдастырды.
I және II курстардың әр топтарында Президенттің 2015 жылғы 30 қарашада жолдаған Жолдауы талқыланып, ақпараттық сағат түрінде жеткізілді.
Оқытушы Тапалова Р. С. студенттер арасында «Қазақстан: кеше, бүгін, ертең» атты интеллектуалды ойын-саяхат өткізді. Ойынның мақсаты студенттердің Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін тереңдету, елінің салт дәстүрлерін , мәдениетін, тарихын, ана тілін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Оқытушы Булькендикова Т. А. 1-2 курс студенттерінің арасында «Лидер XXI века» атты викториналық ойын өткізді. Бұл сайыста студенттер өз елдерінің тарихын жақсы білетіндіктерін көрсетіп, болашақта Қазақстанның өркендеуіне қосатын үлестері туралы да айтып өтті. Сайыста №9 топ студенті Зейнолла Алпамыс жеңіске жетіп, «Лидер» атағына ие болды.
Мерекелік іс-шаралар «Елім менің жасасын» атты патриоттық ән кешімен аяқталды. Студенттер ән айтып, өлең оқыды. Ең белсенді студенттер мен жеңімпаздарға мақтау грамоталары берілді.