2016 жылы 10 ақпанда «Колледждің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында әдіскерлердің облыстық отырысы болды. Облыстық секция жұмысында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің әдіскері Р.А.Жумабекова «Колледждің әдістемелік қызметін ұйымдастыру» презентациясымен сөз сөйледі. Презентацияның мақсаты мен міндеттері әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенділендіру, әдістемелік қызметке инновацияларды енгізуге көмек көрсету болып табылады.
Колледж әдіскері педагогикалық шеберліктің өсуіне педагогикалық шеберліктің шығармашылық зертханасы болуға бейімделген әдістемелік қызметтің ықпал ететінін атап өтті. Әдістемелік қызмет жұмысының жүйесі кәсіби біліктілігін арттырудың жалпы жүйесіне кіретін үздіксіз білім беру болып табылады.
Колледждің ғылыми-әдістемелік қызметі білім беру үдерісінің ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуін ұйымдастырады және үйлестіреді, білім беру модернизациясының стратегиясы мен тактикасын анықтайтын негізгі құжаттарға жетекшілік етеді.
Әдіскерлердің облыстық секциясы Р.Жумабекованың сөз сөйлеуіндегі әдістемелік қызметінің моделін тиімді және инновациялық деп есептеді, сонымен бірге әдіскерлердің облыстық әдістемелік семинарына «Колледждің әдістемелік жұмысы» презентация-шығармашылық есеп беруге кәсіби дайындығы үшін облыстық әдістемелік бірлестігінің төрайымы Е.В.Шейкинаның грамотасымен марапатталды.