«Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» Республикалық онкүндігін өткізу шеңберінде 2016 жылғы ақпанның 02-нен 12-не дейін «Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжі» КМҚК белсене қатысты.
2016 жылы 01 ақпанда өзін-өзі тану пәнінің оқытушысы Т.М.Мухамеджанованың жетекшілігімен жалпы колледжішілік линейкада «Өзін-өзі тану: Сүйіспеншілік пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты ашылуы өтті. Линейкада адамгершілік тәрбие мәселелері,өзін-өзі танудың міндеттері, сонымен бірге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасының авторы С.А.Назарбаева жөнінде айтылды.
2016 жылы ақпанның 03-нен 12-не дейін «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы өтті. Мұнда студенттер өздеріне бекітілген ардагерлерге көмек көрсетті, топтағы аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына көмектесті (кеңсе тауарларымен, киімдермен қамтамасыз етті).
2016 жылы ақпанның 03-нен 12-не дейін ЕТТК кітапханасында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі жөнінде «Мейірім төгетін ана» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
2016 жылы 12 ақпанда колледждің барлық топтарында «Өнеге отбасынан басталады», «Адамгершілік –асыл қасиет», «Что есть красота?», «Доброта, отзывчивость, человечность», «Путь к себе» және т.б. тақырыптарында өзін-өзі танудың бірінші сабағы өткізілді. Сабақтарда коллаж құрастыру, мақал-мәтелдер, шығармашылық тапсырмалар бейнематериалдар, «Круг радости» және «Жүректен жүрекке» ойындары секілді түрлі әдіс-тәсілдері қолданылды. 2016 жылы 04 ақпанда топтар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Нәтижесінде 1 орынға ие болған №9 студенті Жунистаев Қуат, 2 орын-Сейпульдинов Кайыржан №12 топ, 3 орын- Файзуллин Елеман №9 топ студенті. Қалған қатысқан студенттерге түрлі атаудағы номинациялар берілді.
2016 жылы ЕТТК-нің өзін-өзі тану кабинетінде Т.М.Мухамеджановнаның жетекшілігімен «Музыка по жизни с нами» ән фестивалі өткізілді. Бұл іс-шараға колледждің студенттері мен ө/о шеберлері, топ кураторлары белсене қатысты. Конкурста өткен жүзжылдықтағы ұмытылмас әндер мен заманауи әндер айтылды.
Бас жүлдені №8 топтың студенттері Сайфуллин Ильяс, Сансызбай Даулет, Оспанов Елеман («Ана туралы жыр» әнімен) иеленді. Бірінші орынды №9, 99 топтың студенттері Сайлаубай Дархан мен Нургазиева Сагыныш және топ кураторы Ж.А.Абикеева («Сұлу қыз» әнімен), екінші орынды №11топ студенті Алишев Ануар мен С.Т.Махметова («Әкелер» әнімен), үшінші орынды №12топ студенттері Тезекбай Мирас пен Жақыбай А.М. («Егіз лебіз» әнімен) иеленді. Қалған қатысушылар номинациялы дипломдармен марапатталды.
Барлық қатысушылар мен көрермендер жағымды әсерде болды. Онкүндік қорытындысын шығарумен тәмамдалды.