2016 жылы 26 сәуірде Павлодар технологиялық колледжі базасында техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының студенттері арасында «Заманауи әлемдегі жаратылыстану ғылымдары» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның мақсаты: дарынды студенттерді анықтау, IT-технологияларын қолдана отырып жұмыстарды жасау бойынша студенттердің шығармашылық бастамашылықтарын қолдау, студенттердің зияткерлік дамулары үшін шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту.
Комиссияның құрамына Павлодар қаласының білім беру басқармасының және ЖОО-ның өкілдері енді. Конференцияға 23 оқу орындары қатысты.
Біздің колледжден «Электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша 2курс студенті Досмухамбетов Куанышбай «Теміржол көлігінің экологияға әсері» ғылыми-зерттеу жобасының тақырыбымен таныстырды.
Ғылыми-практикалық конференцияның қорытындысы бойынша тақырыптың өзектілігі, ғылыми және практикалық құндылығы үшін Досмухамбетов Куанышбай 2 дәрежелі дипломмен, сертификатпен және бағалы сыйлықпен марапатталды.