Жыл сайын бұрынғы көңілді дәстүр бойынша  қазан айының ортасында біздің қаламызда сенбілік өткізіледі. Осы жыл да шеткері қалған жоқ.

Сенбілік қарсаңында 1курс студенттері колледж аймағында «тазалық» жұмасын өткізді, өз учаскелеріндегі жерлерін тыңғылықты жинады, 2 курс студенттері өндірістік оқыту шеберлері мен кураторларының  жетекшілігімен «Кенші» бақ алаңының аймағын абаттандырды.

Ал 2016 жылғы  15 қазанда  сенбілікке барлық инженерлік-педагогикалық ұжым шықты. Ұжымның бір бөлігі С.М.Зейнуллинаның жетекшілігімен колледж аймағында еңбектенді, қалған әріптестер колледж директоры С.У.Алекпарованың басшылығымен бақ алаңы аймағын тазалау жұмыстарын жалғастырды.

Бұл күн ауа райының есте қалар күні болғанын: бірде жаңбыр, бірде қар жауғанын айта кету керек! 

Бірақ мұны ешкім аңғарған жоқ, жұмысты қызу істегеннен тек ыстық болды десеңізші! 

Аймақтарды жинады, ағаштарды сылады, қоқысты, жапырақтарды шығарды, суретке түсті, жан-жағына қараса, шынымен де тазаланып қалыпты. Бұл біздің сіңірген еңбегіміз!