2016 жылғы 3 қазаннан бастап 14 қазанға дейінгі аралықта Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ  КБ БАИ-да «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттырудың шаруашылық есепті курстары өтті.

Курстың оқытушылары Погожева Елена Юрьевна мен Несипбаева Алем Жакеновна курсанттарды пәннен сабақ берудің теориялық және практикалық білім беру негіздерімен таныстырды, «Облыстық дарынды балаларға арналған көпбейінді лицей-интернаты» ММ-нің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Хамитова Дина Айтпаевна мен «Павлодар қаласының №16 мектеп-лицейі» ММ-нің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Малоярова Алмагуль Майдановнаның ашық сабақтарына қатысуға мүмкіндік берді, сонымен бірге курсанттар Бұхар-Жырау атындағы өлкетану мұражайына барды.

Сабақтарда «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ берудегі жаңа көзқарастарға, оқу пәнінің рухани-адамгершілік әлеуетін жаңаша меңгеруге ерекше мән берілді.

Сабақ құрылымының өзгеруі жаңа үлгіде «Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ берудің басқа да әдістерін қолдануға мүмкіндік берді:

-әрбір сабақ көтеріңкі көңіл-күймен басталады және аяқталады;

-сабақтың дәйексөздері оқушыларға жақсы көңіл-күйде болуларына көмектеседі;

      -адами құндылықтар туралы әңгімелер  қызығушылық тудырып өзіне назар 

      аудартады;

-топтық шығармашылық жұмыс оқушылардың жігерін арттыруға көмектеседі;

-музыка және хормен өлең айту – бұл балаларға құндылықтарды қалай есте сақтауға, тыныштық, махаббат және қуаныш сезімдерін нығайтуға көмектесетін тиімді әдістер.

Өзін-өзі тану пәнін зерделеу бақытты болуға, ішкі тыныштығы мен үйлесімін, өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Барлық курсанттарға практикада жаңа енгізілім ерекшеліктерін бағалауға, «Өзін-өзі тану» пәнінің басқа пәндермен интеграциясының мүмкіндіктерін қарастыруға, жалпы адами құндылықтары негізінде пәннің терең негіздерін құруға мүмкіндік берілді.

Алған білімінің рефлексиясы ретінде әрбір тыңдаушы Ертіс өңірінің ақындары мен жазушыларының қанатты сөздерін қолдана отырып өзіндік әзірленген сабақтың презентациясын дайындады.

Институт қабырғасында оқудың қорытындысын шығара отырып, курсты ұйымдастырушыларға және барлық «Өрлеу» ұжымына алғысымды білдіремін.