Салауатты өмір салтын насихаттау, студенттерді дене тәрбиесі және спорттың жүйелі сабақтарына қатыстыру мақсатында 2016 жылы 21-23 қазан аралығында колледжде «Таймен» Айкидо клубымен бірлесіп классикалық айкидо бойынша оқу-аттестаттау семинары өткізілді.Семинардың ашылуында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің басшысы Алекпарова Сауле Увалиевна қатысушылар және қонақтармен сәлемдесті, сонымен бірге қатысушылармен амандасып, өз лебіздерін білдірген Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің дене тәрбиесі оқытушысы, СКАС клубының бас жаттықтырушысы,еркін күрестен спорт шебері, еркін күрестен жоғары ұлттық санатындағы төрешісі Середюк Николай Федорович,  «Таймен» Айкидо клубының жетекшісі Баев Игорь Станиславович (қара белдік, 2 дан ) және шақырылған қонақ Шығыс пен Сібір айкидо ассоциациясының президенті А.М.Петров болды (5 дан, Ресей Федерациясы)

 Сонымен бірге жас айкидистардың ата –аналары мен жақындары, тау-кен-техникалық колледжінің студенттері қатысты. Үш күннің ішінде семинарға 110 студент қатысты және «Таймен» Айкидо клубына жазылғысы келетіндердің саны арта түсті.